"ҚазАвтоЖол" Астана - Петропавл тасжолындағы колоннаны сүйемелдеу сәтін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 қаңтарда Астана - Петропавл тасжолында 95 көлік жаппай жол апатына түскен болатын.
"Видео кадрында жүргізушілер сүйемелдеу кезінде жол жүру ережелерін ескермей, бірін-бірі басып озған сәттері көрсетілген", - деп жазылған хабарламада.
Қыс мезгілінде колоннамен қозғалғанда жылдамдық пен қауіпсіз арақашықтық қатаң түрде сақталуға тиіс. Бір-бірін басып озуға тыйым салынады, себебі салдары жол апатына әкеп соғуы мүмкін.
Видео жол апатына дейін ақылы учаскелерде орналасқан камераларға түсірілген.
Еске салайық, 3 қаңтарда Астана - Щучинск тасжолында 40 көлік соқтығысты. Ақмола облысы Біржан сал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында күн (боран) бұзылды.
Кейінірек Астана маңындағы тасжолда соқтығысқан көліктер саны 95-ке жетті. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!