"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі әпкесі 30 жылдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткенін айтып, хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хат иесінің айтуынша, әпкесі үйдің алдында ойнап жүрген жерінен ұрланған.
"Ләззәт ханым, сәлеметсіз бе! Мынау - менің 1982 жылғы әпкем, бірақ бұл әпкемді көрмегенмін. Оны 8 жас кезінде есік алдында ойнап жүрген жерінде ұрлап кетті. 91-92 жылдары, небәрі 2-сынып оқып жүргенде. Есімі - Салтанат, сол ұрлап кеткеннен хабар жоқ. Әке-шешемнің іздемеген жері қалмаған. Неше балшы-балгерлерге барды, таппады. Мүмкіндігіңіз болса, сторис-постыңызға салып шығара аласыз ба? Мүмкін тірі болса, өзін танып немесе білетіндер хабарын айтып қалса, Алладан күніге тілеуіңізді тілер едік", - деп жазған хат иесі.
Заңгер де оқырмандарынан қолдан келгенше осы суретті таратып, көмектесуді сұраған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз