“900 мың теңге“. Депутат Бақытжан Базарбек жалақысы жетпейтінін айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жалақысы жетпейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты ол жұбайынан жұмысқа шығуын өтінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін журналистер Бақытжан Базарбектен Парламент депутаттарына "қазіргі жалақы жете ме?" деп сұраған.

"Қазіргі жалақы жетпеуі мүмкін. Өздеріңіз қараңыздар, 500, 700, 800 мың кімге жетеді? Әсіресе, отбасында 5-6 бала болса. Кейбір депутаттарымыздың 5-6 баласы бар", - деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, табыстың қомақты бөлігі тұрмыстық шығынға, балабақша, үйірме ақысына және тағы басқаларға жұмсалады.

"Баланы балабақшаға апару, үйірмелерге қатыстыру, киіндіру - соның өзіне 300 мың кетеді. Ал азық-түлік бағасы өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді", - деді депутат.

Бақытжан Базарбек журналистерге өзі 900 мың теңгеден аса жалақы алатынын айтты.

"Жеке маған жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін өтіндім, болды", - деп толықтырды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!