Танымал әнші Мархаба Сәби "Ұнайды маған" әнінің тарихын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. Оның айтуынша, 8 жыл бұрын бұл әнді 90 мың теңгеге сатып жіберген.
"Ұнайды маған, еркелеткен сөздерің, ұнайды маған" деген әнді барлығыңыз білетін шығарсыздар, сол әннің шығу тарихын айтып бергім келіп отыр. Бұл ән 2015 жылы шықты. Біз ол кезде жолдасым екеуміз үйленеміз деп, ақша жетпей, 90 мың теңгеге Райд деген топқа сатып жібердік. Ақша керек болып, амалсыз саттық, бірақ іштей, шынымды айтсам, қимадым. Үйленгеннен кейін хабарластым. "Не істеп жатсыңдар? Әнді шығаратын болдыңдар ма?" деп. Сөйтсем, олар әлі кіріспеген екен. "Онда ренжімесеңдер, қимай тұрмын, кері сатып алайыншы" деп, тойдан түскен ақшаға кері сатып алдық. Сөйтіп осы әнім жарыққа шығып, қазір менің сүйікті тұңғышым деп айтсам болады, "визитная карточкама" айналып кетті. Сатып жіберген болсақ, мұндай тарих болмас еді", - дейді ол видеода.
@marhabasabi #ұнайдымаған әнімнің кішігірім тарихы?? #мархабасаби ♬ оригинальный звук - Marhaba Sabi
Айта кетейік, Мархаба Сәби - қазақстандық әнші. Оның "Ұнайды маған", My Mahabbat, "Ғана", "Құшақта", "Қой, күрсінбе" сынды әндері бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз