26 тамызда полицияға Глубоковский ауданы Березовка кентінің тұрғыны - жергілікті шаруа қожалығының басшысы келіп, үйіне ұрылар кіргенін айтқан. Оның баспанасынан 155 мың еуро, 150 мың доллар, үш миллион рубль, сонымен қатар, шамамен жарты миллион теңгенің алтын бұйымдары қолды болған.
Бесінші тәулікте тәртіп сақшылары екі күдіктінің ізіне түсіп, олар өз кінәсын мойындайды.
Полицейлердің пікірінше, күдіктілер дәулетті жанұя туралы Глубоковский ауданындағы туыстарынан естіген.
Ірі ақша қолына түскен соң қылмыскерлер оны ысырап қыла бастаған. Полицейлерге ұрланған ақшаның 80%-ын ғана қайтарып берген.
Күдіктілер қымбат техника, заттар, алкоголь сатып алған. Таныстарына, әсіресе, қыздарға ақша берген. Осылайша күдіктілердің танысы бір миллион жеті жүз мың ресейлік рубльге ие болады. Ол кейін өз еркімен ақшаны полицейлерге берді.
Тәртіп сақшыларына жергілікті таксист те көмектесті. Оның көлігінде мас жігіттер 105 мың еуро мен 40 мың долларды ұмытып кеткен. Ер адам ақшаны полицияға апарды.
Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Глубоковский АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тәртіп сақшылары олардың өзге қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Дереккөз: kazinform