Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесін беделді журналист Марат Байділдәұлы әлеуметтік желідегі парақшасында туған күнімен құттықтап, арнайы жазба жариялады.
"Бүгін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың туған күні! 88 жасқа толып жатыр", - деп бастады ол жазбасын.
Журналист Нұрғали Нүсіпжановқа Еңбек Ері атағы әлі күнге дейін берілмегеніне күйінді.
"Осыдан екі жыл бұрын Нұр ағаңа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру туралы Мемлекет басшысының атына хат жазып, осы атақты алған Асекеңнен - Асанәлі Әшімовтен бастап Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, Аягүл Миразова сияқты бес қайраткерге қол қойғызып жіберіп едік. Өкінішке қарай, ұсыныс өтпеді. АллаТағалам Нұрғали ағама ұзақ өмір берсін! Құдай қаласа, енді екі жылдан кейін 90 жылдығында бұйырар! Соған бәріміз аман-есен жетейік!", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!