90 жастағы кейуана пәтерден өлі табылды: жантүршігерлік деректер белгілі болды

90 жастағы кейуана пәтерден өлі табылды: жантүршігерлік деректер белгілі болды
Фото: pixabay.com

Мәскеудің солтүстік-батысында 90 жастағы кейуана пәтерден өлі табылды. "Москва" басылымының мәліметінше, әйел адамды қызы пышақтап тастаған. Бұл ақпаратты қалалық прокуратура өкілдері растаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, зейнеткер 1 мамырда пәтерінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кейуананы қызы сөзге келіспей жанжалдасып қалған сәтте пышақтап тастаған. 

Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина