9 тамыз күні Қазақстанның 7 облысында күн ыстық болады

9 тамыз күні Қазақстанның 7 облысында күн ыстық болады
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" орталығы 2024 жылғы 9 тамыз үшін ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін еліміздің көптеген аймағында күн ыстық болады.

Әсіресе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,  Жетісу облыстарында,  Абай  облысының оңтүстігінде және Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысы мен Жетісу облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында да өте қатты ыстық болады.

Атырау, Абай облысында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу  облыстарында,  Алматы облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе  облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының  оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Жалпы, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер еліміздің бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипатын қалыптастырады. Найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, батыста, солтүстік- батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева