9-сынып оқушысының өлімі: күдіктілер марқұмға ұқсас қыздың жалаңаш фотосын интернеттен алған
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты, бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.
"Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан