Адам танымастай өзгерген әйел Қазнетті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода Айнагүл есімді әйелдің 8 наурызда сұлулық салонына шақырылғаны туралы айтылған. Айнагүл 53 жаста, ол ешқашан сұлулық салонында болып көрмеген, өмір бойы шашын өзі қиып келген.
Айнагүлге 9 ота жасалған, ол 4 жыл бойы мүгедектер арбасына таңылған.
@bota.abdiramanova Преображение? inst: bota.abdiramanova #рек ♬ оригинальный звук - шок
Айнагүл мен немерелері оның жаңа образын көріп таңғалды.
Желі қолданушылары әйелге жаңа образ сыйлаған ұйымдастырушыларға разылығын айтып, түрлі пікір қалдырған.
"Өте әдемі әйел екен", "Көп рақмет, Алла сауаптан жазсын", "Қандай керемет, әйелге сондай күшті эмоция сыйладыңыздар", "Қолың дерт көрметсін, керемет", "Жарайсыңдар, дами беріңдер", "Ең бастысы, Айнагүлге ұнағаны", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!