9 млрд теңге шығын келтірген: Талдықорғанда МХҚКО-ның экс-қызметкерлері сотталды

Талдықорғанда 21 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айыпталушылар қатарында Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының, әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бар.

Телеарна мәліметінше, олар шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан. Яғни ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсетіп, жалған мәлімет енгізген. Күдіктілер 1385 техниканы рәсімдеген. Салдарынан мемлекетке 9 млрд теңге шығын келген.

270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тексерілген.

"2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейді. Бүгінде үкім заңды күшіне енбеген", - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!