Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласының № 2 сотында тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды деген айыппен У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы У. 2024 жылғы маусымда тұрақты табыс көзі жоқ жұмыссыз болып, өзінің бір бүйрегін Telegram арна арқылы сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Бір бүйректің құнын 9 000 000 теңгеге бағалаған.
2024 жылы қыркүйекте хабарландыруға құқық қорғау органдарымен байланыста болған куәгер Б. жауап берген. Олар У-дан бір бүйректі сатып алу туралы келісімге келген. Қажет медициналық тексерістен өткеннен кейін сотталушы куәгерден 5 000 000 теңге алған кезде ұсталды.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
"У. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі 116-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК-нің 63-бабы ережелерін қолдана отырып жазаның барлық белгіленген мерзіміне пробациялық бақылау тағайындаумен жаза тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!