- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 9 миллионға жуық...
9 миллионға жуық пара берген казино заңгері сотталды
Казино заңгері коррупция дерегіне байланысты сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 мамырда Бурабай аудандық соты үкімімен казино заңгері айтарлықтай мөлшерде пара бергені үшін сотталып, жиырма есе мөлшерде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы 184,5 миллион теңге болады.
"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Сотталған адам мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова