Танымал блогер, "ТНТ" арнасындағы "Бойдақ" жобасына қатысқан Димаш Әділет Желі қолданушыларына қымбат сағатын көрсетіп, сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қымбат бұйымын ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Өткен аптада Женевада Watches & Wonders сағат индустриясының ең ірі жыл сайынғы іс-шарасы өтті. Биыл сағат әлемінің барлық таңғажайып жаңалығын көру қызық болды. Бұл Женевадағы ең қызық кездің бірі және мен көрмегелі біраз болған әлемнің түкпір-түкпірінен келген көп досымды көргеніме қуаныштымын! Биыл ерекше сағаттар шығарылды, ең қымбат сағаттарының бірі - 20 миллион доллар тұратын Jacob&Co Billionaire Timeless Treasure. Сағат 425 сары гауһармен безендірілген (салмағы 217 карат)", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары қымбат сағатымен мақтанған блогерді сынға алды.
"Мына ақшаны өз еліңде пәтерге мұқтаж жандарға бергеніңде ғой", "Тым ауыр сияқты ғой, Махараджи есімді үндінің арзан сағаты сияқты", "Онша ұнамады, қызық, әлемде шешілмеген мәселе көп қой. Ал біз қайдағы жоқ сағатты талқылап отырмыз. Әрине, құтты болсын, игілігіңізге тағыңыз, бірақ мен мұқтаж жандарға не балаларға көмек беру туралы ойлар едім", "Еркектерге алтын тағуға болмайды ғой, бауырым", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!