- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 9 маусымда бірнеше...
9 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
9 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласында 9 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
9 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 9 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
9 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 9 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 9 маусымда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
9 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғаттын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 9 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғаттын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
9 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 9 маусымда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина