Саунада шетелдік қыздардың интим қызмет көрсетуіне жағдай жасаған 50 жастағы жеңгетайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданы аумағынан жеңгетайлық дерегін анықтады. Шымкент-Ташкент тасжолында орналасқан сауналардың біріне жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер Сарыағаш қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде одан ақша мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ, полиция бөліміне 9 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Оның ішінде алтауы Өзбекстан азаматы болса, үшеуі - қазақстандық.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!