2026 жылғы 9 қарашадан бастап республикалық маңызы бар үш автожолда көліктердің орташа жылдамдығын бақылайтын алты аймақ іске қосылады, деп хабарлайды Massaget.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Көліктің жылдамдығы камера орнатылған бір нүктеде ғана емес, бақылаудағы бүкіл жол учаскесінде есептеледі.
Арнайы құрылғылар көліктің аймаққа кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Жүйе жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақытты салыстырып, орташа жылдамдықты автоматты түрде анықтайды.
Егер жүргізуші белгіленген шектен асып кетсе, құқықбұзушылық туралы ақпарат уәкілетті органдарға жіберіледі.
Жаңа жүйе жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ықпал етуге бағытталған.