"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 қарашада елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Алматыда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 мс күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде облыстың таулы аудандарында екпіні 25 м/с.
Шымкентте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!