Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні Динара Сайлаубайқызы "Өмір көркем" бағдарламасында ата-енесі мен келіндік өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Ақшораевтар отбасына 9 жыл бұрын келін болып түскен.
"Блог жүргізу менің арманым болатын. Келін болып түскеніме 9 жылдан асты. Жақында ата-енемнің, күйеуімнің рұқсатымен блог жүргізе бастадым. Бір ай бұрын бастаған кезде 874 оқырман болды. Бір айдың ішінде 32 мың оқырман қосылды. Жалпы,өзім режиссер мамандығында білім алғанмын.
Атам мені үнемі қолдайды. Осы ретте атам мен апама көп рахмет айтқым келеді. Атам өмірде өте байсалды кісі. Арасында ғана әзілдеседі. Жақында жолдасым тойда ән айтуға, яғни қыз ұзатуға шығуыма рұқсат берді. Алдағы уақытта жолдасыммен дуэт айту жоспарда бар", - деді ол.
Динараның жолдасы Ақан Ақшораев өнер саласында білім алғанымен, кәсіпкерлікпен айналысады.
"Кәсіпкерлікпен айналысамын. Жиһаз жасаймын. Қосымша асаба болып той жүргіземін. Динараның алғашқы видеосын көргенде жолда көлікте кетіп бара жатқанмын. Көлікті айдай алмай, жолдың шетіне тоқтап қарадым. Қатты ұнады маған. Бұйырса бірге түсіреміз.
Бірінші тұрмысқа шыққан кезде келіндік қызметі бар, басқасы бар ондай тірлікті қоя тұру керек. "Бұлбұлды торда ұстама" деген сөз бар ғой. Өзінің арманы болғасын, қазір қолға алып әрекет жасап жатырмыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін "Қайын атаның қадірі кеткен заман-ай". Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні елді шошытқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әмір Темiр өз мемлекетiне қандай саяси жүйе енгiздi?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!