Ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген айыппен Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.
Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Мұндай қылмыстық құқықбұзушылық үшін мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Никотин қышқылы шаштың түсуін тоқтата ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз