- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "9 жыл өтті"....
"9 жыл өтті". Әнші Абай Бегей бірінші жұбайының зиратына барып құран бағыштады
Әнші Абай Бегей бірінші жарының зиратына барып, құран бағыштады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялады.
"Зымыраған уақыт-ай! Әкемнің қайтқанына - 28 жыл. Анашымның қайтқанына - 10 жыл өтіпті. Ал Пердешбай ағамның өмірден өткеніне - 31жыл, Қонысбай ағамның қайтыс болғанына - 10 жыл болыпты. Жұбайым Нұржанаттың өмірден қайтқанына - 9 жыл өте шығыпты. Сіздерді еске алып, Құран бағыштаймын. Қатты сағынамын. Мейірімді, кешірімді Алла панасына алсын", - деп жазды әнші Абай Бегей.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншіге жылы лебізін жаудырып, пікір қалдырды.
"Арттары қайырлы болсын", "Мықты әкесің", "Балаларыңа анасын жоқтатпай, қас- қабағына қарап, бар қалауын жасап отырсың", "Қорлық көрсетпейтін жақсы адаммен қосылдың. Анасының жоқтығын білдірмеуге тырысып жүрсің", "Керемет әкесің", "Әкесі жоқ - тек жетім, шешесі жоқ - шын жетім деген ғой бұрынғылар. Бірақ сен балаларыңа еш жетімдік көрсетпеуге тырысып жүрсің", -деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы