- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “9 жыл күткен...
“9 жыл күткен той“. Айқын мен Жұлдыз студияда той жасады
Шоу-бизнестегі танымал әрі табысты жұптың бірі – Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали телебағдарлама студиясында үйлену тойын жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдызды жұп осылайша кезінде жасалмай қалған тойдың орнын толтырғысы келіпті.
"Негізі бұл тойды 9 жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, коронавирус басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, "Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің" деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию", – деді "Астарлы ақиқат" бағдарламасының студиясында үйлену тойын жасауға келген Айқын Төлепберген.
Әншінің айтуынша, екеуі заңды некеге тұрған екен.
Жұлдыз Өмірғали – 2017 жылы үйінен ұзатылған. Арада ұзақ уақыт өткендіктен, нақты қай күні ұзатылғанын ұмытып қалыпты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева