- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "9 жыл бедеулікпен...
"9 жыл бедеулікпен күрестім". Танымал әнші басынан өткен ауыр кезеңді еске алды
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінің денсаулығы сыр бергенін, тоғыз ай бойы бедеулікпен күрескенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "4:1" бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай, бедеулікпен күрескенін жеткізді. Нәтижесінде өнер иесінің қалауы орындалып, ол 39 жасында алғаш рет ана атанған.
"Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бірінші некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы емделудің нәтижесінде Зейданды дүниеге әкелдім. Бұрын "жасым өтіп барады, бала туу керек" деп ойлайтынмын. Қазір дәл уақытында ана атаныппын деймін. Оған дейін дайын болмағанмын. Менің болмысымды өзгерткен – балам. Бұрын ер бала секілді жүретінмін, қазір әйел сезінемін өзімді", – дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиева экс-күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтқан болатын. Ол туралы толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы