9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті

9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елімізде ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылып жатыр. Биыл 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

"Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті", - деді Ерлан Ақкенженов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget