- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көпбалалы ана азаматтық
9 баланың анасы 20 жылдан аса уақыт бойы азаматтық ала алмай жүрген
Шымкенттік әйел 23 жылдан кейін Қазақстан азаматтығын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны Наталья - Ресей Федерациясының тумасы. Ол 1998 жылы анасымен бірге Қазақстанға келген. Алайда 16 жасқа толғаннан кейін тұрақты тіркелген жері болмауына байланысты құжаттарды уақытылы ала алмаған.
Кейін Наталья Қазақстан азаматымен ресми түрде некеге отырған.
"Бұл оған жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік сыйлады. Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға сәйкес 2024 жылы ол азаматтық, жеке куәлік алды", - деп жазылған хабарламада.
Наталья күйеуімен бірге тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Қазір көпбалалы ананың құжаттары рәсімделген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова