- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "9 ай бойы...
"9 ай бойы Түркияда тұрдық". Танымал дуэт баласының ауыр дерттен біржола айыққанын айтты
Танымал дуэт Қуаныш пен Қарлығаш бірнеше жыл бұрын баласының ауыр дертке шалдыққанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Қарлығаш әр сынақ адамды өсіру үшін берілетінін атап өтті.
"Алланың маған берген сынағы сол жылы балам "ақ қан" диагнозымен ауырып қалды. Сол кезде ауруханаға жатып қалдық. 9 ай бойы Түркияда тұрдық. Сондай сынақ бастарына келсе әйелдерге айтар едім, "әр сынақ бізді өсіру үшін беріледі". Балам қазір ол дерттен айықты. Ал сол уақытта мен көбінесе ойымда әлеуметтік желідегі парақшамда бөлісіп жүрдім. Оқырмандарым кітап жазуымды сұрайтын. 3 жылдың көлемінде ойымның бәрін қағазға түсіріп отырдым. Сол "Мотор кітап" атауымен биыл жарыққа шықты", - деді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы