Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген екі ұлымен ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзім 9 ай , 9 күн көтеріп , босанған балаларым... Тұңғышым Асқарали, екіншісі Мирас…
Қайсысы маған ұқсайды?!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап.
Ал желі қолданушыларына Дина Төлепбергеннің күйеуі қандай адам екені қызық сияқты. Мұны жазылып жатқан пікірлерден байқауға болады.
Журналистің жаңа жазбасына жазылған "Папалары қайда?", "Балаларыңыздың әкесі бар ма?", "9 ай, 9 күн көтердіңіз, бәрі дұрыс, Дина ханым, бірақ күлге аунаған жоқсыз ғой", "Әкесін көрейік те, сосын айтамыз кімге көбірек ұқсайтынын" деген пікірді жиі кездестіруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!