Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде іске қосылған жаңа "9-20-25" бағдарламасы бірнеше жылға жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол биыл 1 наурыздан бастап "9-20-25" бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті.
"Бірінші күннен бастап шамамен 1 мың өтінім түсті. Отбасы банкі жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінім мақұлданып, бағдарлама нақты іске қосылады", - деді Нұрлан Байбазаров Үкіметтің баспасөз орталығында.
Премьер-министрдің орынбасары жаңа ипотекалық бағдарлама бірнеше жыл жұмыс істейтінін атап өтті.
"("9-20-25") бағдарлама бірнеше жылға созылады. "Бәйтерек" холдингі өз қаражаты және нарықтан тартылған қаржы есебінен бағдарламаға қолдауды жоспарлап отыр", - деді министр.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!