- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "9-20-25" бағдарламасы іске...
"9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны рас па?
Әлеуметтік желіде "9-20-25" бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Massaget.kz тілшісі бағдарламаға "жауапты" мекемелерге хабарласып көрді.
Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында "9-20-25" бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.
"Бәйтерек" холдингі Отбасы банк жақында "9-20-25" бағдарламасын іске қосады.
9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады", - делінген ақпаратта.
Massaget.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.
"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті ("9-20-25" бағдарламасы іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ", - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, бүгінде елімізде "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Мизофобия деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!