- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "9-20-25" бағдарламасы: Отбасы...
"9-20-25" бағдарламасы: Отбасы банк өкілдері мәлімдеме жасады
Отбасы банк өкілдері "9-20-25" бағдарламасына қатысты ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жаңа "9-20-25" бағдарламасы іске қосылады деген ақпарат жарияланған еді.
"Отбасы банк қазақстандықтарға несие берудің басқа да нұсқаларын қарастырып жатыр. Алайда "9-20-25" - болашақта жүзеге асуы мүмкін тұрғын үй бағдарламасының нұсқасы. Бұл жоба әзірлену үстінде. Банк мамандары тиісті есептеулер жасап, шарттарды талдап жатыр. Жоба мақұлданған кезде Отбасы банк қазақстандықтарды қосымша хабарландырып, толық ақпарат ұсынады", - деп жазылған банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алайда "Бәйтерек" холдингі мәселеге пікір білдірмеді.
Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты "Бәйтерек" холдингі пен Отбасы банкке хабарласқан еді.
"Бәйтерек" бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті ("9-20-25" бағдарламасы іске қосылуын - еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ", - деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Мизофобия деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!