Қарағанды облысындағы Сәтбаевтың тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Ол айтарлықтай көп мөлшерде акцизделетін есепке алу маркасы жоқ темекі өнімдерін сақтаған және өткізген.
Бұл деректі ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті өкілдері облыс прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.
Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ, тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 миллион теңгеден аса түрлі маркадағы 140 мыңнан аса қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі айналымнан алынды.
Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!