88 жастағы қария жалған айыппен түрмеде 56 жыл отырған

88 жастағы қария жалған айыппен түрмеде 56 жыл отырған
Фото: Видео кадры

Жапонияда 88 жастағы ер адам жалған айыппен түрмеде 56 жыл отырған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жапонияда 88 жастағы ер адам өлім жазасын күтіп, түрмеде 56 жыл отырған. Бірақ өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі оған тағылған "1966 жылы тұтас бір отбасын өлтірді" деген айып жалған болып шықты.

Айта кетейік, бұл – әлемдегі үкімнің орындалуын күткен ең ұзақ мерзім. Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек