"Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Бөлім басшысы Ғалымжан Серікбаев әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті халықтан түскен ақпарат бойынша қала аумағына 87 миллион теңгеге модульдік дәретханалар орнатылуына қатысты материалдарды тиісті тексеріс жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жібергенін хабарлады.
"Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау мектептерінің бірінің оқушысы білім ошағының дәретханасында комиссия келетін уақытта сабын мен дәретхана қағазы пайда болғаны туралы видео жариялаған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Іш өткенді қалай тоқтатуға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз