87 жастағы жазушы, композитор Ілия Жақанов Жайықтың жағасында бөгет салуға көмектесіп жүр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Mezgil.kz сайтының Usbanov Arnasy телеграм арнасы жазды.
"Бұл суреттегі көкеміз – қазақтың маңдайына біткен белгілі композитор, қаламгер. Қазақстанның Еңбек Ері. Жасы 87-ден асып барады. "Жасым келді, белім бүгілді" деместен, Жайықтың жағасындағы тасқынмен күресуге жастармен тең күш салып, қолына күрек ұстап жүр.
Қарғын судың қауіпі төне бастаған тұста Жақанов ақсақал да Жайық өзенінің жағалауындағы осал тұстарды бекіту үшін студенттерімен тең бөгет салуға барыпты. Барғанда да, бірлі-жарым суретіне түсіп, кетіп қалмай, бастан-аяқ жүрген", - деп жазылған телеграмда.
"Тіршілік нәрі – Жайығымыз арнасы аспаса екен, ел қиындыққа тап болмасын деп тілеймін. Қазір су тасқыны Атырау облысына ғана емес, бірнеше өңірге қауіп төндірді. Сол себептен, бөгет салып жатқан жастарды қолдауға келдім. Елімізді қиындықтан бірлігімізбен ғана қорғай аламыз", - дейді Ілия ақсақал Жақанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!