85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды

85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: Видео кадры

Түркістан облысында 85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау, қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты.

"Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент-Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден аса қарызы бар екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажет екенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова