- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 84 мыңнан астам...
84 мыңнан астам ата-ана баласының тәртібі үшін жауапқа тартылды
84 мыңнан астам ата-ана баласының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін жауапқа тартылды. Осыған байланысты 6,5 мың мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды.
"Жаңа оқу жылында Қазақстанның 110 мектебінде Зияткерлік мектептермен бірлескен буллингке қарсы Kiva пилоттық бағдарламалары және 50 мектепте "ДосболLike" бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесі бойынша бағдарламаларды басқа мектептерге енгізу туралы шешім қабылданады. Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 70 қылмыстық іс қозғалған. Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды. Осыған байланысты 6,5 мың мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Сынып жетекшілері рөлінің маңыздылығын ескере отырып, мұғалімге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Сонымен қатар құрдастарына теріс әсер ететін 1700 заңсыз "көшбасшы" анықталып, бақылауға алынды. Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға, биыл 5 пайызға төмендеді", - делінген үкіметтің хабарламасында.
Еске салайық, биыл кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заң жүзінде қатаңдатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева