84 миллион теңге: Степногорскіде мемсатып алу заңсыз жүргізілген

Степногорск прокуратурасы 84 миллион теңгеден аса сомаға мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

Степногорск мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 миллион теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды.

Атап айтқанда, жұмыстарды жасау жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну (сметалық құжаттаманың болмауы) бұзушылықтар болған.

Қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды, бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды, сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Бұл бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!