83 жастағы алматылық Юрий Бойко Томск политехникалық университетінің магистратурасына түсті, - деп жазады Tengrinews.kz.
Инженер-механик 20 жылдан бері алматылық "Агропромтехремонт" кәсіпорнын басқарып келеді, ал оған дейін 12 жыл бойы КСРО құрылыс және сәулет академиясында бас конструктор болған. "Мен магистратураға түсу үшін көп дайындалдым. Ресейлік жоғары оқу орнында қашықтан білім алғым келеді, жұмысты оқумен қатар алып жүремін. Мен тау өзендерінде СЭС тұрғыздым, олар 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Үлкен Алматы өзеніндегі электр станциясын, Талғар СЭС-ін және Қызылорда өңіріндегі жаңа тоғанды салдым", - дейді магистрант. Айта кетейік, Бойко ҰОС-ға да қатысқан. Соғыс басталғанда ол 10 жаста болыпты, бірақ ол сол кездің өзінде жау танкілерін атып түсірген екен.