83 жастағы әжей Париждегі марафонға қатыспақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Барбара Хамберт марафон десе, ішкен асын жерге қояды. 83 жастағы әжей Париж Олимпиадасы аясында өтетін "Баршаға арналған марафонды" күн санап күтіп жүр. Шөбере сүйген кейуана апта сайын кемі 50 шақырымды артқа тастайды. Әлем елдерінде өткен 60 марафонның мәре сызығын кескен.

"Былтыр Францияда өткен жеңіл атлетика чемпионатында 24 сағат бойы тоқтамастан жүгіріп, 125 шақырымды бағындырдым. Сөйтіп, марафонға қатысқан қариялар арасында әлемдік рекорд орнаттым", - деді 83 жастағы марафоншы Барбара Хамберт.
Барбара әжей үшін 10 тамыз күнгі жарыстың жөні бөлек. Өйткені әуесқой спортшылар тұп-тура олимпиалық марафоншылардың жарысын қайталап, дәл сол бағытпен жүгіріп өтеді. Жарысқа қатысушылардың саны шектеулі. Өтінім бергендердің арасынан 20 мыңы кездейсоқ таңдалады. Сондықтан да марафоншы әжей бағы жанғандардың қатарына ілікпей қалам ба деп қатты алаңдапты.
"Біз тіпті Спорт министрінің атына хат жолдадық. Амели Удеа-Кастерадан Олимпиада ойындары аясында өтетін марафонға қатысуға қол жалғап жіберіңізші деп өтіндік. Көп ұзамай министрден: "Әлбетте, көмектесіп, қолдаймыз!" деген жауап келді", - деді Барбара Хамберттің күйеуі Жак Хамберт.
Барбара Хамберттің жүгірумен айналысқанына биыл 40 жыл болыпты. Ондаған кубок пен медальдің арасында тек Олимпиада ойындары марафонының жүлдесі жетпей тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!