82-ге келсе де күміс шашбауы түспеген әже шаш күтімінің құпиясымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода - Хыдырбаева Алуаш Ақшамбайқызы. Ол - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызыл сай ауылының тұрғыны. 1942 жылы дүниеге келген. 10 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақ ана.
Қазіргі таңда немере, немереден шөбере сүйіп отырған жан. Қосай-Сүйіндік ауылының ақылын айтып, білгенімен бөлісіп отырған әулеттің ақжаулығы. Қазақтың салт-дәстүрін нық ұстанған, салт-дәстүрге сүйене отыра қыздарына да сол өнегесін жеткізіп, үлгі қылған.
"Қазіргі таңда немере қыздарының да бұрымы белден түскен. Шаш күтіміне келетін болсақ, бала кезінен анасы шашын шұбатпен жуып, қысымен жиналған малдың сүйегін жинап, көктем шыққанда әртүрлі шөптермен қосып қайнатып, сабын жасап, сол пайдалы сабынмен жуған. Сол кезден шашын жерге түсірмеу үшін әлі күнге дейін ақ мата жайып, сулап, нықтап өріп қояды. 82 жасқа келсе де шашынан күміс шашбауы үзілмеген", - дейді әжейдің келіні Massaget.kz тілшісіне.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз