Әнші Садраддин Болат қазір жеке шығармашылықпен айналысып жүргенін және бос уақытын киберспортқа арнайтынын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Қызық times бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ана", "Не себеп", "Түн" хит әндерінің орындаушысы Садраддин әлеуметтік желіге көп кірмейтінін оның орнына компьютерде ойын ойнайтынын айтты.
"Мен өзім қазір әлеуметтік желіге көп кірмеймін. Кино көріп көбінесе альбом жазумен уақытым кетіп жатыр. Бірақ ми сергіту үшін компьютерлік ойындар ойнап тұрамын. Негізі менің ойым қазір жас балалар бар осындай ойындар ойнайтын. Екі жылда елімізде киберспорт қатты дамиды. Менің енді хоббиім бұл ойынды ойнау",- дейді әнші.
Әншінің айтуынша, 800 мың теңгесін дәл осы компьютердегі ойынға жұмсаған екен.
© видеоскрин
"Ойынның ішіндегі графика пышақты 800 мың теңгеге сатып алдым. Енді ол ақша кетті ол кезде өзіңді былай жұбатуға болады. Ол ойында енді бір биткоин секілді. Мен бүгін 800 мыңға ішіндегі пышақты сатып алсам. Ойын мәртебесі өсіп, ойнайтын жазушылары көбейген кезде менің де пышақтарым көбейеді. Сол кезде оны мен 1 миллион 500 мыңға сата аламын",- дейді Садраддин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!