Павлодарда жаңа туған сәбиді сатпақ болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жүктіліктің соңғы апталарында әлеуметтік желі арқылы сатып алушылар іздеген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оны анықтап, бақылау арқылы ұстаған.
Әйел босанғаннан кейін үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған. Ол қылмыс үстінде ұсталды.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова