Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылының тұрғыны Қалдан Шәмшиев 80-нен асса да, көкпардан қол үзбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kyzylorda-news.kz-ке слітеме жасап.
Биылғы Наурыз көкпары экс-шабандоз Қалдан ақсақалдың батасымен басталды.
Ұлттық спортқа ақсақал аса ықыласпен қатысып, жас шабандоздарға мастер-класс көрсетіп, кезекті салымын салды. Қолы қарулы кісі ешқандай спортпен айналыспаса да, күреске өте мығым. Ақсақал 21 жасында екі ортан жілікті қосып сындырған деседі.
Жасында жылқышы болған ата тірідей қасқыр ұстағанын көргендер де бар. Қария шабандоз Наурыз көкпары өткеннен кейін ертесіне шаршамағанын айтты.
"Шаршамадым, осы аулаға тал отырғызып келіп отырмын", - деп жауап берді көкпаршы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!