"80 миллион теңге". Танымал блогер анасына тосынсый жасады

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков анасына пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сыйлық құны - 80 миллион теңге. 

Блогердің анасы ұлы мен келніне алғыс айтып, көзіне жас алды. 

"Армандар орындалады деген рас екен. Алла разы болсын. Бәріңе осындай бала жұғысты болсын. Балаларыңның рахатын көр", - дейді блогердің анасы. 

@darkhanzholshybekov

♬ оригинальный звук - Darhan Zholshybekov

Желі қолданушылары блогерді құттықтап, пікір қалдырған. 

"Құтты болсын, үйіңіз берекелі болсын", "Әр адамның арманы", "Өзім алғандай сезімде отырмын", "Құтты болсын, қуанып отырмын", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша туралы мақал-мәтелдер 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!