Павлодар облысында 8 жастағы оқушы зорланып, жүкті болып қалған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Павлодар облысында оқушының зорлануына қатысты іс тергеліп жатқанын айтты.
Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілі министрге "Павлодар облысында өгей әке 8 жастағы оқушы қызды зорлаған. Салдарынан бала жүкті болып қалған. Бұл оқиға не туралы білесіз?" деп сұрақты төтесінен қойды.
Ғани Бейсамбаев істі полиция тергеп жатқанын айтты.
"Мұндай жағдайға қатысты ақпарат менің және Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасына бірден түсіп, бақылауымызға алынады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғасын тиісті шешім қабылданады. Алгоритм бойынша аталған комитет шұғыл түрде тиісті шараларды жүргізеді", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалғаны хабарланған болатын.
Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған. Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, берекелі отбасы болған, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!