- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 8-сынып оқушысы токқа...
8-сынып оқушысы токқа түсіп, мерт болды
Өзбекстанда мектеп оқушысы токқа түсіп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, мектеп директоры қамауға алынған. Директор адамның өліміне әкеп соқтырған қызметіне немқұрайды қарағаны үшін күдікке ілінген.
Қайғылы оқиға 27 қарашада болған. Мирзо-Улугбек ауданындағы №99 мектептің 8-сынып оқушысы спорт алаңынан жүгіріп шығып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем баланы ауруханаға апарғанымен оқушыны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Шенеуніктер бастапқыда ауданда электр желілерінде ақа болмағанын айтқан. Сондай-ақ, мектеп стадионында және оның айналасында апаттық кабельдер мен басқа да ток көздері табылмаған.
Еске салайық, кеше, 14 желтоқсанда Ақтөбеде сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлап көз жұмғаны хабарланған болатын. Артынша оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды. Мұғалімдердің айтуынша, сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлаған. Роман партаның қырына тамағын соғып есінен таныпты. Ауруханаға ес-түссіз жеткізілген ол дәрігерлердің барын салғанына қарамастан жарты сағаттан кейін демі үзілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина