8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша тексеріс жүргізген.
"Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан заңбұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді", - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да әсер етуі мүмкін.
"Қабылданған шаралардың арқасында 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден аса сомадағы мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!