“8-рет әке атанып жатырмын“. Абай Бегей көпшіліктен сүйінші сұрады

Танымал әнші Абай Бегей қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 наурызда өнер иесінің шаңырағында тағы бір сәби өмірге келді. Ерлі-зайыпты қызды болды. Бұл сүйінші хабарды жұп Instagram желісіндегі ортақ жазба арқылы жария етті.

"Сүйінші! Алланың қалауымен 8-рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп тәтті бесінші ханшайымым келді

51 жастағы әнші сегізінші рет әке атанып отыр. Оның айтуынша, дүние есігін ашқан нәресте - отбасындағы бесінші қыз.

Желі қолданушылары әнші мен оның әйелін құттықтап, ана мен сәбиге зор денсаулық, ал отбасына мол қуаныш тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!