8 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда жүруге шектеу енгізілді

8 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда жүруге шектеу енгізілді
Фото: Көрнекі сурет: ҚазАвтоЖол

8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде: 

  • Ақмола облысы – 14 учаске
  • Жамбыл облысында – 1 учаске
  • Жетісу облысында – 1 учаске
  • Қарағанды облысында – 3 учаске
  • Қостанай облысында – 5 учаске
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске
  • Түркістан облысында – 1 учаске
  • Ұлытау облысында – 1 учаске

Көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget