• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

8 наурызға орай бір қалада әлеуметтік төлемдер беріледі

8 наурызға орай бір қалада әлеуметтік төлемдер беріледі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте 8 наурыз қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қанша көпбалалы ана бар?

2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкенттегі көпбалалы аналар саны - 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар - 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны - 53 936.

Кімдерге әлеуметтік төлем беріледі?

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.

"Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азамттарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget